Жамбыл облысында біреудің қақпасына оқ атқан ер адамның кім екені белгілі болды
pixabay.com
Әлеуметтік желіде түнде жеке үйдің қақпасына оқ атқан ер адамның видеосы пайда болды.
Жамбыл облысында ашулы ер адам тұрған үйдің қақпасына оқ атты, деп хабарлайды zakon.kz.
Әлеуметтік желіде түнде жеке үйдің қақпасына оқ атқан ер адамның видеосы пайда болды.
2 қыркүйекте полицияға Сарыкемер ауылының тұрғынынан хабарлама келіп түсті.
Әпкесіне қонаққа барған жұптың күйеулері, яғни бажалар ащы судан тартып алған соң өзара сөзге келіп қалады. Содан кейін қонаққа келген ер адам үйіне қайтып кетеді. Бірақ 15 минуттан кейін оралған күйеубала қайың әпкесінің қақпаны тарс жауып алғанын көреді. Қақпаны ешкім ашпай қойған соң ол қолындағы тапаншамен оқ атып, қайта кетіп қалады, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта күдіктіні полиция қызметкерлері Байзақ аудандық полиция бөліміне алып келді, тергеу амалдары жүргізілуде.
ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің қалған мәліметтері жария етуге жатпайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript