Ұшақтың апатты есігін ашып жібірген алматылық жолаушы қандай жаза арқалалуы мүмкін

Сурет: Zakon.kz
2023 жылғы 23 желтоқсан күні Шымкент – Алматы рейсіндегі жолаушылардың бірі қонғаннан кейін ұшақтың апатты есігін ашып жіберген. Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі Zakon.kz сайтына ер адамға қандай жаза тағайындалуы мүмкін екенін айтты.

Ведомствоның 2023 жылғы 25 желтоқсандағы мәліметінше, әуе кемесінің апатты есігін ашқан ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Құқық бұзушы акт бойынша рейстен түсірілді. Тексеру барысында масаң күйінде ұшақ бортындағы қауіпсіздік ережелеріне бағынбаған Алматы қаласының 29 жастағы тұрғыны анықталды. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, ол "орташа дәрежелі" масаң күйде болған".Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі

Бұған қоса құқық бұзушыға қатысты полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 1-бөлігі (алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келу), 566-бабы 1-бөлігі (әуе кемесіндегі мінез-құлық қағидаларын бұзу), 434-бабы 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық) бойынша бірден үш әкімшілік хаттама толтырып, 8 АЕК айыппұл салды.

"Ұсақ бұзақылық бойынша іс шешім қабылдау үшін Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданатын болады", – делінген хабарламада.

Бұл бап бойынша құқық бұзушы он бес тәулікке дейінгі әкімшілік қамауға алу түрінде жазалануы мүмкін.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі