Ұлттық қауіпсіздік комитеті Абай облысының радикал тұрғынын ұстады

Сурет: Ұлттық қауіпсіздік комитеті
2023 жылдың 29 желтоқсанында Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның келісуімен және полицияның көмегімен Абай облысының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство мәлімдемесінде ол әлеуметтік желілер арқылы терроризмді насихаттады деген күдікке ілінгені айтылған.

"Тергеу іс-шаралары барысында заттай айғақтар алынды. Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр".Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сай, өзге мәлімет жарияланбайды. 

2023 жылдың қыркүйегінде ҰҚК Батыс Қазақстанда діни радикалды ұстағанын хабарлады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз