Жамбылда 2 мектеп пайдалануға берілді

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында 2025 жылға дейін 1000 мектеп салуды тапсырған еді.

Бүгінде бұл тапсырма Жамбыл облысында жүйелі түрде орындалуда. Облыс мектептерінің материалдық-техникалық базасы нығайып, жаңа мектептер салынып, апатты, үш ауысымды, орын тапшылығы бар мектептердің мәселесі рет-ретімен шешімін табуда.

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігі

Тараз қаласы "Бурыл" алқабында 200 орындық жаңа мектеп-гимназиясы пайдалануға берілді. Оқу ордасының ашылу рәсіміне Тараз қаласы әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетов, қалалық мәслихаттың төрағасы Кенжебек Олжабай қатысып, ақжарма тілектерін арнады. Заманауи үлгіде жабдықталған мектепке 1-4 сынып аралығындағы оқушылар қабылданады. Мұнда 9 оқу сыныбы, интернет жүйесімен, заманауи құрылғылармен толық қамтамасыз етілген.

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігі

Сонымен қатар Жамбыл облысы Меркі ауданы Ақ жол ауылында 80 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді. Бұған дейін 1931 жылы іргесі қаланған ескі ғимаратта біліп алып келген ауылдық оқушылар енді жаңа нысанда бір ауысымды оқитын болады.

Мектептің құрылысына облыстық бюджеттен 452 млн. теңге бөлінген. Құрылыс жұмыстары жоба бойынша, өткен жылдың мамыр айында басталып, өз мерзімінде аяқталып отыр. Құрылысты мердігер мекеме – "ТемирСтрой Сервис и Ко" ЖШС жүргізген.

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігі

Мектеп 17 оқу кабинеті, зертхана, шеберхана кабинеттерімен, асхана, кітапхана, лингафон кабинеті, мәжіліс және спорт залдарымен қамтылған. Жылу жүйесі газбен жабдықталған.

Айта кетейік, өткен жылы облыс бойынша 5 мектеп пен 1 мектепке жапсарлас құрылыс пайдалануға берілді. Сондай-ақ, 17 білім нысанына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, 2023 жылы "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында соғылатын 12 мектептің 7-нің құрылысы басталды.

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігі

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қытайда пара алған шенеунік өлім жазасына кесілді

Жұмыстан босатылған қазақстандықтарға төленетін әлеуметтік төлемдер: мемлекеттен қалай көмек алуға болады

2025 жылға арналған әкімдіктердің қарыз лимиті бекітілді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

БҚО-да полицейлер із-түссіз жоғалған қызды аман-есен тапты