Шетелден есірткі затын сәлемдеме ретінде алған тұлға сотталды

Сурет: unsplash
Кінәлі тұлға сотпен 10 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Былтырдан бастап алқабилердің қатысуымен қаралатын аса ауыр санатына жататын қылмыстық істердің тізбесі кеңейтілді. Олардың қатарына есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымымен байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар да енді.

2023 жылдың соңында алқабилер ірі көлемдегі есірткі контрабандасымен айналысқан азамат А-ға қатысты айыптау үкімін шығарды. Олардың үкімі бойынша кінәлі тұлға сотпен 10 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.


"Мемлекеттік айыптаушы сотқа бұл азаматтың АҚШ-тан халықаралық пошта жөнелтілімдері арқылы ішіне есірткі салынған балалардың ойыншықтарына тапсырыс бергені және алғаны туралы бұлтартпас дәлелдер келтірді, есірткі Қазақстан аумағында сату және одан материалдық пайда табу мақсатында алынып келінген", - делінген Бас көлік прокуратурасының хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды