Ақмола облысында есірткінің ірі партиясын тасымалдаған күдікті ұсталды

Сурет: polisia.kz
Сақшылар Көкшетауда бір келі гашиш тәркіледі.

Тыйым салынған заттардың ірі партиясын тасымалдаған күдікті "Астана-Петропавл" тас жолында ұсталды. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері Mercedes-Benz маркалы автокөлікті тоқтатып, Көкшетауға есірткі заттарын өткізуге бара жатқан күдіктіні кісендеді.

Тінту кезінде жедел уәкілдер 45 жастағы жолаушыдан тыйым салынған заттар тауып, тәркіледі. Сараптама қорытындысы бойынша оның салмағы 905 грамм гашиш есірткісі екені дәлелденді.

Күдікті есірткіні елордада сатып алған және Ақмола облысының аумағында таратуды жоспарлаған. Есірткі сатушы "ескі әдіспен" әрекет еткен.

"Ол өнімді қолдан-қолға сатты, яғни, өзінің тұрақты клиенттері болды. Қазір полиция қылмыстық іс шеңберінде барлық мән-жайды нақтылап жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген Polisia.kz хабарламасында.
Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда қант диабетімен күрес күні қарсаңында көзді тегін тексеру шаралары ұйымдастырылды

"Күн қайта жылынады". Алматы бойынша 14-20 қараша аралығына арналған ауа райы болжамы

"Қар жауып, көктайғақ болады". Жексенбіде еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Қарағанды облысында көктайғақ кезінде жол үстінде дрифт жасаған үш жүргізуші жауапқа тартылды

Ақмола облысында жұмысшыны ауыр темір басып қалды