Қарулы күштердің әскерилері 50-ден астам адамды қар құрсауынан құтқарды

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі
Қарулы күштердің "Батыс" өңірлік қолбасшылығының 30238 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Ақтөбе облысында қар құрсауында қалған азаматтарға көмек көрсетті.

Құтқару жұмыстарын ұйымдастыру үшін эвакуациялық топ және шынжыр табанды көп мақсатты жеңіл брондалған тягач бөлінді.


"Ауа-райының нашарлауына байланысты біздің әскери бөлімде өңірдегі жағдайды бақылау және мониторинг жасау жөніндегі жедел топ құрылды. Біз құтқару қызметтерімен және өңірдегі жол полициясы қызметкерлерімен бірлесіп жұмыс істейміз. Адамдарды қажетті көмек көрсетілетін елді мекендерге жеткіземіз", – деп түсіндірді 30238 әскери бөлімінің командирі подполковник Сергей Бибулатов.

Әскери қызметшілер Хромтау ауданының Ақжар елді мекенінен 20 шақырым жерде қар құрсауында қалған екі вахталық автобусты шығарып алды. Жүк көліктерінің жүргізушілерін азық-түлікпен қамтамасыз етті. Трассадан әскери техникамен Ақжар кентіне жеткізілген адамдар уақытша ауыл мектебіне орналастырылуда.

Қазір өңірде жел басылып, ауа райы жақсарып келеді. Сондықтан жолды қардан тазартқан соң эвакуациялық топ тұрақты орналасқан жеріне оралуды жоспарлап отыр.

Қазақстан
Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Құрылтай жанындағы жаңа алаң жастардың елдің қоғамдық өміріне белсенді қатысуына жол ашады

Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерін марапаттады

Халқы ең жас елдер анықталды: Қазақстан нешінші орында

"Мұндай ауқым бұрын-соңды болмаған": Дубай тарихтағы ең ірі әуежай көшіне дайындалып жатыр

Алматының барлық сегіз ауданында 19 ашық мұз айдыны ашылады