Онда Б.Сапарбаевтың жақындары, қызметтес серіктері мен шәкірттері, үкімет мүшелері мен парламент депутаттары бас қосты. Алдымен Ерлан Қошанов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың конференцияға қатысушыларға арналған құттықтауын оқып берді.
Сурет: Мәжіліс
"Бердібек Мәшбекұлы – Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына және дамуына өлшеусіз үлес қосқан көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері. Ол әр жылдары жоғары лауазымды қызметтерді абыроймен атқарып, еліміздің өсіп-өркендеуіне зор еңбек сіңірді. Бірқатар өңірге және мемлекеттік органдарға жетекшілік етіп, парасатты, іскер әрі білікті басшы ретінде танылды. Халықтың ерекше сый-құрметіне бөленді. Қайраткер тұлғаның адами қасиеттері, кәсіби біліктілігі және адал қызметі – жас мемлекеттік қызметшілерге әрдайым үлгі-өнеге", – делінген Президент хатында.
Сурет: Мәжіліс
Жиында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Т.Б Дүйсенова, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенат төрағасының орынбасары Ж.Қ.Асанов, Қазақстан Республикасы Президентінің ғылым және инновациялар мәселелері жөніндегі кеңесшісі К.Д.Закарья, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Е.Б.Көшербаев, Қазақстанның Еңбек Ері Қ.Б.Байменова және басқа да мемлекет, қоғам қайраткерлері сөз сөйлеп, Бердібек Мәшбекұлы туралы жүрекжарды естеліктерімен бөлісті.
Конференцияда мемлекет және қоғам қайраткері жайлы кітаптың тұсауы кесіліп, тағылымды өмір жолы туралы арнайы түсірілген фильм көрсетілді.