Майқайыңдағы ірі коммуналдық апаттың салдары 10 күн ішінде жойылды

Сурет: Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Майқайың ауылындағы суық су құбырында анықталған ірі ақауды жөндеу жұмыстары аяқталды. Жөндеу жұмыстарына 240-тан астам адам және 70 бірлік мамандандырылған техника жұмылдырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодар облысы әкімдігінің хабарлауынша, мамандар су құбырының әрбір учаскесінде кезең-кезеңімен құбырдың қатып қалуы мен ауаның болуын тексеріп отыруға мәжбүр болған. 

"Аталған учаскелер анықталған кезден бастап құбырды бу генераторларымен жылыту жүргізілді. Жекелеген учаскелерде құбырдың айналасындағы топырақ көмір және ағаш шпалдарды жағу арқылы жылытылды", делінген хабарламада.

Сондай-ақ атқарылған жұмыстар нәтижесінде 13.4 км құбыр (жер асты және жер үсті құбырлары) жылытылғаны да нақтыланады.


"Барлық анықталған ақаулар жойылды, желіні толтыру жұмыстары жүргізілді. Мамандар гидравликалық режимді реттеген соң, Майқайың кентіне сумен жабдықтаудың жұмыс қысымы артады және штаттық режимде қамтамасыз етіледі", делінген хабарламада.

Айта кетсек, Майқайың ауылында құбыр жарылғаны туралы 2024 жылы 21 ақпанда белгілі болды. Осыған байланысты жергілікті деңгейде төтенше жағдай жарияланды. Майқайың ауылының тұрғындары су тасып ішуге мәжбүр болды. 

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз