Каспий теңізі жағалауында кеше тұтанған алапат өрт әлі сөндіріліп жатыр

Сурет: freepik
Атырау облысы Құрманғазы орман шаруашылығында - Каспий теңізі жағалауында 100 гектар аумақты алатын қамысты алқапқа от тиген, деп хабарлайды Zakon.kz.

2 наурызда сағат 15:45-те Атырау облысында Каспий теңізінің жағалауында, Құрманғазы ауылынан 40 шақырымда Құрманғазы орманшылығының аумағында алдын ала болжам бойынша 100 гектар алаңда қамыс өсіндісі өртеніп жатыр. Елдімекендерге қауіп жоқ, деп хабарлайды ТЖМ.

Сағат 17:57-де Құрманғазы ауданының №7 өрт сөндіру бөлімінің, Орман шаруашылығының, ЖАО-ның 36 адамы, 5 мотопомпасы, 1 техникасы, 4 мотоқайығы тартылды. 

Оқиға орнында ТЖД, орман шаруашылығының күштері мен құралдары жеке құрамнан 35 адам, мотоқайықтар, 6 мотопомпа және техника жұмылдырылды.


"Батпақты жер мен қамыстың тығыз қалың өсуі өртті сөндіруге қиындық туғызып, техниканың қозғалысына кедергі келтіруде", делінген ведомство хабарламасында.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы