"Мыжылып қалды". Шымкентте жеңіл көлік бар жылдамдығымен ағашқа соғылды

Сурет: видеодан алынды
Шымкентте 2 наурызға қараған түні жантүршігерлік жол апаты болды. Алпысбаев көшесінде Toyota Camry бар жылдамдықпен келіп ағашқа соғылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Апат салдарынан үш адам қатты зардап шекті, деп жазады Otyrar.

Куәгерлердің айтуынша, соқтығысар алдында көлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған. 


Соққы салдарынан адамдар мыжылған көлік ішінде қысылып қалды. Құтқарушылар гидравликалық құралдардың көмегімен бүлінген көліктен зардап шеккендерді алып шықты.⠀

Жүргізуші мен артқы орындықта отырған қыз алған жарақаттары бойынша ауруханаға жеткізілді. Апат кезінде алдыңғы орындықта отырған жолаушы жан сақтау бөліміне жатқызылды, деп жазады басылым.

Қалалық полиция департаменті ЖКО фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын, қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады