Ресейлік "Пикник" тобының көмекшісі лаңкестік шабуыл кезінде қаза тапқаны белгілі болды

Сурет: VK/piknik_info
Ресейлік "Пикник" тобының көмекшісі Екатерина Кушнер "Крокус Сити Холлда" болған шабуыл кезінде қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы әртістердің өзі VK-дағы парақшасында жазды.

"Екатерина Геннадьевна Кушнер "Крокус Сити Холлда" болған лаңкестік шабуыл кезінде қаза тапты. Құдай алдынан жарылқасын", делінген хабарламада.

Топ мүшелері оны екі күн бойы іздеген. Тек бүгін әйелдің жұбайы террористік шабуыл кезінде қайтыс болғандардың арасынан оны тауып, таныды, деп жазады ресейлік БАҚ.

Айта кетсек, 22 наурызда кем дегенде әскери киімдегі үш адам "Крокус Сити Холл" ғимаратының бірінші қабатына баса-көктеп кіріп, автоматтан оқ жаудырды. Оқиға Пикник рок тобының концертінің басталуына бірнеше минут қалғанда орын алды.

Ресей Федерациясының Тергеу комитетінің мәліметі бойынша, Крокус Сити Холлдағы терактіде қаза тапқандар саны 133-ке жетті. Іздеу жұмыстары жалғасуда.

24 наурыз Ресейде қаралы күн болып жарияланды.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады