Ақтөбе облысында тік ұшақ қона алмаған ауылдың адамдары эвакуациялана бастады

Сурет: видеодан алынды
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Шығанақ Берсиев атындағы ауылдың адамдар эвакуацияланып жатыр. Әзірге, 27 тұрғын эвакуациялық пунктке бірінші рейспен жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбе облысы әкімдігінің мәліметінше, Ш. Берсиев атындағы ауылдың 27 тұрғыны аудан орталығындағы эвакуациялық пунктке бірінші рейспен жеткізілді. Оның ішінде ересектер саны - 19, балалар саны – 8.

"Қазір барлығы медицина қызметкерлерінің тексеруінен өтуде", делінген әкімдік хабарламасында.

Айта кетсек, алдында әлеуметтік желіде су тасқыны кезінде көмекке келген тік ұшақ су алған ауыл үстінен бірнеше мәрте айналып, кері кеткен видеосы тараған. Бұл жайтқа куә видеодағы көмек күткен ауыл адамдары сабырсыздық танытып, өздерін қорғансыз сезінеді. Кейін бұл тік ұшақтың Қорғаныс министрлігіне тиесілі екені, жанар-жағармай отыны мөлшерін есепке алып, оның кері оралғаны түсіндірілді. Бірақ бұл аталған ауыл адамдарына көмек бармады дегенді білдірмейді. Бұл жағдайдан құзырлы органдар хабардар екені айтылған. 

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін