Петропавлда төтенше жағдай режимі жарияланды

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Петропавл қаласының әкімдігі 2024 жылы 4 сәуірде маңызды мәлімдеме жасады. Қалада төтенше жағдай режимі жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала әкімдігі атап өткендей, 2024 жылдың 26 наурызынан бастап қала аумағында қардың қарқынды еруі салдарынан жеке секторларды жаппай су басты.

"Сондай-ақ, кәріз коллекторлары мен суағарларға түсетін жүктеменің артуына байланысты, Абай көшесі бойындағы коллектор істен шыққан болатын. Кесірінен тұрғындардың қалыпты тыныс-тіршілігі бұзылып, бірнеше тұрғын үй су астында қалды". Петропавл қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ қалада 4 сәуірден бастап төтенше жағдай режимі жарияланғаны нақтыланады.

"Авариялық жағдайды жою және тұрғындарға  келтірілген шығынды минимизациялау мақсатында қала әкімінің шешімімен 2024 жылы 4 сәуірден бастап Петропавл қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ режимі жарияланады". Петропавл қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

2024 жылы 4 сәуірде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен төтенше жағдай жөніндегі жедел штабтың отырысы өтті.

Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін