Еліміздің бес өңірінде республикалық маңыздағы жолдарды қызыл су басқан

Сурет: видеодан алынды
Қазақстанның бес облысында республикалық тас жолдардың жеті учаскесін қызыл су басты. Сондай-ақ, еліміздің алты аймағында көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ-қа сілтеме жасап.

Ұлттық компаниядағылар бұған күннің күрт жылынуы мен қардың қарқынды еруі түрткі екенін нақтылайды. 

"2024 жылы 6 сәуірде сағат 08:10-дағы жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар тас жолдарда ауа райының күрт жылынуы мен қардың қарқынды еруі салдарынан 5 облыста (Ақмола, Атырау, СҚО, Павлодар, Қостанай) 7 жол учаскесін жалпы ұзындығы 5411 метр болатын қызыл су басты", делінген хабарламада.

Сондай-ақ 6 облыстағы (Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар тас жолдардың 12 учаскесінде (ұзындығы 797 км) көлік қозғалысына шектеу енгізілгені айтылады.


"Қазіргі таңда республикалық жолдарда 248 бірлік техника мен 285 адам жұмылдырылған", делінген хабарламада.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі