Қостанай облысында мыңнан аса адам эвакуацияланды

Сурет: Қостанай обылысының әкімдігі
Қостанай ауданында (әкімшілік орталығы – Тобыл қаласы) 1 043 адам үйлерінен көшірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Эвакуациялық пункттерге 80 адам орналастырылды. Төсек тартып жатқан үш науқас орталық аудандық ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ 212 бас мал құтқарылды.

Ауданда көшіп кеткен адамдардың үйлерін полицейлер күзетіп, көшеде кезекшілік ұйымдастырылды.

Қазіргі уақытта бөгетті нығайту үшін топырақ лақтыру, қап төсеу, еріген қар суын сору жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Ауданда барлығы 1 315 төсек-орынды қамтитын 14 эвакуациялық бекет ашылған. Тұрғындардан барлық сұрақтары бойынша 109 бірыңғай нөміріне хабарласу сұралады.

Айта кетсек, 6 сәуірде брифинг барысында Қостанай әкімі Марат Жүндібаев қалада ТЖ режимінің енгізілгенін хабарлады. Қала әкімі су басу қаупі бар аймақтарда тұратын азаматтардан алдын ала қам жасап, көшуді сұрады.

Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды