Су ресурстары министрлігі: РФ-дағы су тасқынына Қазақстан әсер етіп жатыр деу негізсіз

Сурет: primeminister.kz
ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі Ресей Федерациясы президентінің Орал федералды округіндегі тең төрағасы Владимир Якушевтің Қазақстанның Ресейдегі су тасқынына әсері туралы мәлімдемесіне қатысты жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Якушев бұған дейін Қорған және Түмен облыстарындағы су тасқыны жағдайында су жіберіліп жатқан Қазақстандағы су қоймалары жүйесі сияқты факторды да ескеру қажет екенін, бұл арада "келісе әрекет етуге" мән берілу керектігін айтқан.

Қазақстанның құзырлы ведомствосы Қазақстанның Ресейдегі су тасқынына әсері бары туралы пайым дұрыс емес деп санайды.

"Тобыл өзенінің бойындағы су Ресейден келеді. Тиісінше, су жіберу туралы шешім Ресей тарапынан келетін ағынға сай қабылданады. Сондықтан, Қазақстан Ресейдегі су тасқынына әсер етеді деп айту дұрыс емес. Бұл шындыққа еш жанаспайды". ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ, 2 сәуірден бастап қазақстандық тарап Тобыл өзені бойынша су өткізу жөніндегі шешімдер туралы ақпарат бере бастағаны да нақтыланады.

"Тараптар тәулік бойы су ағынының ұлғаюына немесе азаюына қарай мәлімет алмасады. Сол себепті кез-келген келісілмеген әрекет туралы сөз жоқ. Қазақстандық тарап Ресей жағымен сыйластық, көршілік әріптестік рухында ынтымақтастықты әрі қарай жалғастыруға, ақпарат алмасуға дайын", - деп мәлімдеді ведомстводан.

Айта кетсек, 2024 жылғы су тасқыны Қазақстанға ғана емес, Ресейге де әсер еткен жойқын табиғи апат болды. Сарапшылардың пікірінше, бұл соңғы 80 жылдағы ең үлкен апат.

Бұған дейін Қазақстан Қаржы министрлігі су тасқыны кезінде зардап шеккендерге өтемақы төлемдері қалай берілетінін айтқан болатын.

Ресей
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек