ШҚО-да республикалық маңыздағы тас жолды ішінара су алды

2024 жылы 12 сәуірде сағат 15:20 шамасында ШҚО Күршім ауданында қардың тез еруі салдарынан республикалық маңызы бар тас жолдың 56-57 шақырымын, яғни Қалжыр ауылынан Марқакөл ауылына дейінгі аралықты су алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, жайылған судың ұзындығы 200 метрді, ал биіктігі 15-20 см құрады. Аталмыш учаскеде үш су өткізгіш құбыр орналасқан (диаметрі 1,5 м болатын екі құбыр, диаметрі бір метр болатын бір құбыр).

"Оқиға орнына 15 адам мен 11 бірлік техника жұмылдырылды. Учаскеде материал салынған қаптар төсеу, топырақ үйінділерін жинау, уақытша жол белгілері мен сигналдық тіректерді орнату жұмыстары жүргілуде. Сондай-ақ тәулік бойы бақылау орнатылды", делінген хабарламада.

Қазіргі таңда елді мекенді су алу қаупі анықталмағаны да нақтыланады.


"2024 жылы 12 сәуірде сағат 18:10 шамасында ШҚО-да су деңгейінің көтерілуі және еріген қар суының салдарынан "Омск-Майқапшағай-Қалжыр-Марқакөл" тас жолының 10-71 шақырым аралығын су басып, көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізілді, яғни Дайыр-Қалжыр ауылдарының учаскесінде". "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы
Өскемен
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: