АШМ су басқан ауру мал қорымдары маңынан алынған топырақ сынамаларының нәтижесін жариялады

Сурет: freepik
Ауылшаруашылығы министрлігі су басқан аймақтарда Сібір жарасына шалдыққан мал өлекселері жерленген қорым аумақтарынан алынған топырақ сынамаларының нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

12 сәуірде өткен брифинг кезіндегі АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің бас сарапшысы Ерлан Тасболатовтың мәліметінше, әрбір алынған сынама бойынша Республикалық ветеринариялық зертханада жне Ұлттық ветеринариялық референттік орталықта ПТР зерттеулері және бактериологиялық зерттеулер жүргізілді.

"Зертханалық сараптама қорытындысы бойынша сібір жарасының болуы анықталмады. Яғни, жер бетіне сібір жарасының спораларының шығуы болған жоқ, эпизоотиялық жағдай тұрақты. Сондай-ақ, барлық өңірлерде сібір жарасы, қарасан, аусыл және басқа да аса қауіпті ауруларға қарсы жоспарлы егу жұмыстары белсенді жүргізіліп жатқанын атап өткім келеді", - деді ол.

Жалпы, өңірлердегі ауыл шаруашылығындағы су басу жағдайы министрліктің тұрақты бақылауында екені де нақтыланады.

Айта кетсек, бүгінгі күні су басу аймақтарында қауіпсіз аумақтарға 102 мың бас ауыл шаруашылығы жануарлары эвакуацияланды, оның ішінде Қостанай облысында - 23 мың бас, Ақмола облысында - 22 мың бас, Ақтөбе және Атырау облыстарында - 20 мың бас, БҚО-да - 4,8 мың бас. Жұмыс қажеттілігіне қарай жалғасатын болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қызылордада Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: Алматыдағы референдум бойынша толық нұсқаулық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Халаттағы қыз және робот-ит: Астанадағы дауыс беру учаскесіндегі ерекше оқиға

Референдум-2026: қазақстандықтар ЖСН арқылы өз сайлау учаскесін қалай таба алады