Алматыда күдікті педофил ұсталды

Сурет: freepik
Әлеуметтік желілерде 2024 жылдың 21 сәуірі қарсаңында Алматының тұрғын үй кешендерінің бірінде кәмелетке толмаған қызды зорлағаны туралы ақпарат пайда болды. Полиция күдіктінің ұсталғанын атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Kozachkow Telegram арнасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, "Комфорт сити" ТК-де өткен сенбіде (20 сәуір) 13 жасар қыз зорланған.

"Үй тұрғындары шу шығарып, ақ футболка киген күдікті жігітті өздері іздей бастады. Болжам бойынша, ол пәтерлердің бірінде жөндеу жұмыстарын жүргізген. Ал қылмыс паркингте жасалуы мүмкін", – делінген хабарламада.

Сурет: Telegram/kozachkow

Оқиға бойынша Zakon.kz тілшісіне Алматы қаласы полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметі аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Мән-жай анықталуда",-деп толықтырды Алматы ПД баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, мемлекет басшысы Қазақстанда әйелдер мен балаларға қарсы қылмыстар үшін жазаны қатаңдататын заң қабылдады.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз