Қауіпсіздік талаптарын сақтамағаны үшін бірқатар нысандарға 48 млн теңгеге айыппұл салынды

Сурет: pixabay
Қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін ішкі істер органдары адамдар көп жиналатын объектілерді тексеру шеңберінде 48 млн теңгеге айыппұл салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ІІМ мәліметінше, Бүгінгі таңда аймақтық тізімдерге террористік тұрғыдан осал санатқа жататын адам көп жиналатын 17 мыңнан астам нысан бар. Жыл басынан бері 1804 нысан тексерілді. Оның ішінде:

Тексеру нәтижесінде заңнамада белгіленген қауіпсіздік талаптарын бұзудың 581 дерегі анықталды. Кемшіліктер алғаш рет анықталған объектілердің басшылары мен меншік иелеріне нақты уақыттың көрсетілуімен оларды жою туралы нұсқамалар берілді. Сонымен қатар сеніп тапсырылған объектінің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды бірнеше рет бұзғандарға ӘҚБтК-нің 149-бабы бойынша 180 әкімшілік материал толтырылды. 48 млн теңге айыппұл салынды.

"Тексерулер тек кемшіліктерді анықтаумен ғана шектелмейді. Полиция қызметкерлері мекеме персоналының, сондай-ақ күзет қызметінің төтенше жағдайлардағы іс-қимылдары туралы білімі мен дағдыларының деңгейін анықтап, оларға сабақ өткізеді. Мұндай түсіндіру жұмыстарымен 40 мыңға жуық қызметкер қамтылды", – деді ведомствода.

Алматы полициясы алаяқтық жасады деген күдіктілердің суретін жариялады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда тағы бір жаңа айыппұл түрі пайда болуы мүмкін

Семейде ер адам аспалы көпірден құлап кетті

Көкшетауда найзағай түсіп, жеке үй отқа оранды

Мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін жүргізу тәртібі өзгертілді

"Қазгидромет" Алматы мен Талдықорған тұрғындарына ескерту жасады