Алматыда жас жігіт есірткіге мас күйде BMW автокөлігін ұрлап, Қонаевқа қашып кеткен

Сурет: pixabay
21 жастағы жігітті Алматы облысының полицейлері көлік ұрлағаны үшін ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz

Күдікті "ұстап алу" жоспары кезінде Алматы – Өскемен тас жолында құрықталды.

"Бағдарға сәйкес, Алматы қаласында белгісіз адам BMW автокөлігін айдап әкетіп, мегаполис шекарасынан шығып, қашып кеткен. Патрульдік полицейлер Қонаев қаласы бағытында үлкен жылдамдықпен жүріп келе жатқан ұрланған шетелдік көлікті байқап үлгерді. Қудалауды ұйымдастыра отырып, Алматы облысының тәртіп сақшылары Алматы-Өскеменнің 19 – шы шақырымында жүргізушіні тоқтатты", - деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Аленов.

Медициналық куәландыру көрсеткендей, ұсталған адам есірткіге мас болған. Күдіктінің автокөлікті басқару құқығын беретін қандай да бір құжаттары болмаған.

"Автокөлікті заңсыз иемдену фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ағымдағы жылы Алматы облысының полицейлері ұрланған 36 автокөлік тапты. Барлығы заңды иелеріне қайтарылды. 16 факті бойынша қылмыстық іс материалдары сотқа берілді", - деді Аленов.

Айта кетейік, Алматы облысының Көксай кентінде әскери міндеттерін орындап келген сарбаздарды ерекше күтіп алмақ болып, достары атыс ұйымдастырды. Тәртіп сақшылары 21 және 23 жастағы екі жігітті анықтап, аудандық полиция басқармасына жеткізді.

Алматы
Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты