Қазақстандықтарға электромобильді рәсімдеу кезіндегі маңызды тыйым туралы еске салынды

Сурет: unsplash
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің "Құрық" кеден бекеті Қазақстан азаматтарына электромобильді ресімдеу кезіндегі тыйымды еске салды, сондай-ақ кеденде электрокарды бажсыз қалай ресімдеу керектігін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

МКД тиісті ақпаратты бүгін, 2024 жылдың 14 мамырында жариялады.

"Бұл ретте, азаматқа осы электромобильді кедендік тазарту уақытынан бастап 3 жыл ішінде Ресей Федерациясының азаматтығы немесе Ресей Федерациясының тұрақты тұрғылықты жері бар тұлғаларға иелену, пайдалану, билік ету құқығын беруге тыйым салынатынын ескертеміз",- делінген ведомство хабарламасында. 

Кеденде электромобильді қалай рәсімдеуге болады?

«Құрық» кеден бекеті елімізде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматына 1 электромобильді кедендік баждарды және салықтарды төлеуден босата отырып, жеке пайдалану үшін әкелуіне рұқсат етілгенін мәлімдеді. Бұл Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 107 «Жеке пайдалануға арналған тауарларға байланысты жекелеген мәселелер туралы» шешімінің3-қосымшасының 9-тармағында қарастырылған.

"Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжатын, меншік құқығын растау, көлік құралын қолдану сондай-ақ тауарға ілеспе құжаттарды ұсына отырып (CMR, ТКҚ, инвойс, КҚП), азаматтар жолаушылар кеден декларациясын өз қолымен толтырып, кедендік рәсімдеуден өту үшін, кеден бекетінің инспекторына жүгіне алады. Сонымен қатар, декларацияны тапсыруға және толтыруға, декларация бланкісін алу үшін ешқандай ақшалай төлем қажет емес"Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің "Құрық" кеден бекеті

Еске салайық, Қазақстанда электромобильдерді бажсыз әкелу 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі