Жиында құқық бұзушылықтың алдын алу және кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеуде ата-аналардың жауапкершілігін арттыру мәселелері талқыланды.
"Талдау көрсеткендей, кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылық жасауына ықпал ететін негізгі себептер мен жағдайлар ата-ана тарапынан бақылаудың жоқтығы және олардың бала тәрбиесі жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамауы. Осы орайда, біз ата-аналармен профилактикалық жұмыстарға ерекше көңіл бөлеміз",- деді Алматы қалалық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы ювеналды полиция бөлімінің бастығы Жанна Шонжанова.
Оның айтуынша, Ата-аналар жиналысын өткізудің бұл әдісі ең тиімді болып табылады, өйткені көптеген ата-аналарды қамтуға және олардың бала тәрбиесіне қатысты проблемалық мәселелерін тыңдауға болады.
"Ата-аналарға қоғамдық орындарда, демалыс орындарында және басқа да жерлерде балаларының бойына қауіпсіз мінез-құлық қалыптастыру, сондай-ақ олардың құқықтары мен міндеттері, әкімшілік және қылмыстық заңнамаға сәйкес балаларды тәрбиелеудегі жауапкершілігі туралы ұсыныстар айтылып, барлық сұрақтарына жауаптар берілді. Ата-аналардың балаларымен қарым-қатынасын нығайтуға, балаларының ортасын, достарын, олардың бос уақытын қайда және қалай өткізетінін, қызығушылықтары мен бейімділіктерін білуі үшін оларды үнемі бақылауда ұстауға және балаларын қамқорлық пен махаббатқа бөлеуге ерекше назар аударылды".Жанна Шонжанова
Сурет: polisia.kz
Іс-шараның басты мақсаты – ата-аналардың құқықтық сауаттылығын, сонымен қатар бала тәрбиесіне деген жауапкершілігін арттыру.