Қазақстанда пойыздар нелікен кешігіп келеді

Сурет: rail-news.kz
"Жолаушылар тасымалы" АҚ Басқарма төрағасы Жәнібек Тайжанов 2024 жылғы 23 мамырда ҚТЖ брифингінде пойыздардың Қазақстанда неге кешігіп келетіндігін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спикердің айтуынша, пойыздардың кешігу мәселесі бар, бірақ "Жолаушылар тасымалы" АҚ компаниясының негізгі міндеті – жолаушыларды қауіпсіздікте тасымалдау. Осы бағытта темір жол төсемдеріне жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

"Жөндеу жұмыстары наурыз айынан басталып, жаз бойы жалғасады. Өткен жылы компания өзі үшін үлкен мақсаттарды орындады және биылғы жылы да сондай болмақ. Себебі, инфрақұрылым шынымен тозғандықтан оны жедел түрде жөндеу қажет. Биылғы жылы компания тағы 1400 км жөндеу жұмыстарын жүргізетін болады, оның ішінде 560 км күрделі жөндеу жұмыстарынан өтеді. Осыған байланысты пойыздардың кешігуі орын алады. Бірақ бұл туралы біз міндетті түрде алдын ала хабарлайтын боламыз", – деп атап өтті Жәнібек Тайжанов.

Сондай-ақ, "Жолаушылар тасымалы" АҚ Басқарма төрағасы пойыздардың кешігуінің екінші себебі қолайсыз ауа-райы екенін айтты.

"Қолаусыз ауа райынан пойыздардың кешігуі көбіне қыста болады. Ал, сәуірде ТЖ режимі енгізілуіне байланысты кестеге өзгерістер енгізілді",- деп толықтырды ол.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Алматыда жүргізушілерді наразылық акциясына шығуға үндеген ер адам 15 тәулікке қамалды

Жезқазғанда өрт кезінде төрт адам арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен құтқарылды

Биыл Абай атындағы мемлекеттік сыйлық ешкімге бұйырмайтын болды