Бұл мәселе қазір Үкімет тарапынан қаралып жатқан жоқ – елімізде утильалым жойылады ма

Сурет: pixabay
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев 24 мамырда Сенат аясында Қазақстанда утильалымды жою идеясына анықтама берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, Қанат Шарлапаев утилсборды жою идеясын негізінен қайта сатып алушылар алға тартатынын айтты.

"Бұл мәселені бастайтын адамдар көбінесе қайта сатумен айналысады. Қарсылық білдірушілермен 17 мамырда кездестім. Үлкен жиналыс өтті, парламент депутаттары қатысты. Қарысылық білдіретін топ атынан 12 адам келді. Олармен тақырыпты егжей-тегжейлі отырып талқыладық. Жалпы, елімізде автомобиль, ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын өнеркәсіпте де шамамен осынша адам жұмыс істеп жатқанын атап өткім келеді. Мәселені шешу үшін петицяға бүгінде 49200 адам қол қойған. Тиісті дауыс жиналғаннан кейін Үкімет мәселені өз қарамағына алады деп ойлаймын" - деді министр.

Сондай-ақ министр екі тараптың көзқарастары қарама-қайшы болса, мәселені шешу үшін заңнамалық тетіктер бар екендігін атап өтті. Алайда, қазіргі уақытта утильалымды қайта қарастыру жоспарда жоқтығын да баса айтты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Құрылтай депутаттарын сайлау: шетелдегі учаскелер қалай жұмыс істейді

Алаяқтар қазақстандықтарды қалай алдайды – ең көп таралған айла-тәсілдер аталды

Жалпыға бірдей декларация: 2025 жылы декларацияны кім тапсырады

31 мың көрермен және 50 елден келген жанкүйерлер: Алматы Канье Уэстің концертінен қанша табыс тапты

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді