Құрылтай депутаттарын сайлау: шетелдегі учаскелер қалай жұмыс істейді

Референдум, выборы, избирательный бюллетень, бюллетень, бюллетени, избирательная урна, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.08.2026 16:54 Фото: Zakon.kz
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Ерлан Әлімбаев 2026 жылғы 18 тамызда Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте Құрылтай депутаттарын сайлау кезінде шетелде дауыс беру қалай ұйымдастырылатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ерлан Әлімбаевтың айтуынша, Қазақстанның шетелдегі сайлау учаскелері дауыс беруге толық дайын.

"Сайлау бюллетеньдері мен ақпараттық материалдарды жеткізу 19 тамыздан басталады. 20 тамызда олар 70 учаскенің барлығына толық жеткізіледі", – деді ол.

Алайда кейбір шетелдік сайлау учаскелері жұмыс істемейді.

"Эфиопия, Украина және Ирандағы сайлау учаскелеріне тоқталайын. Украина мен Ирандағы күрделі жағдайға байланысты Қазақстан елшіліктері жанындағы сайлау учаскелерінің, сондай-ақ Эфиопияда сайлаушылардың болмауына байланысты ондағы учаскенің жұмысын уақытша тоқтату туралы шешім қабылданды. Бұл мәселе Орталық сайлау комиссиясымен алдын ала келісілді", – деді Ерлан Әлімбаев.

Бұған дейін, 2026 жылғы 13 тамызда сарапшы алдағы Құрылтай сайлауындағы дауыс беруге қатысу көрсеткіші 2023 жылғы парламент сайлауынан жоғары болуы мүмкін екенін айтқан еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: