Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетені қандай болады

Референдум, выборы, избирательный бюллетень, бюллетень, бюллетени, избирательная урна, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.08.2026 13:35 Фото: Zakon.kz
Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Михаил Бортник 2026 жылғы 3 тамызда ОСК отырысында Құрылтай депутаттарын сайлауға арналған дауыс беру бюллетенінің қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Михаил Бортниктің айтуынша, Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарын сайлауға арналған бюллетеньнің нысаны мен мәтінін, оны дайындау тәртібі мен қорғалу деңгейін белгілейді. Сондай-ақ сайлау бюллетеньдерін әзірлеп, аумақтық сайлау комиссияларына жеткізуді қамтамасыз етеді.

"Бюллетень бланкісі – екіжақты, А4 форматында және көгілдір түсті. Бірінші бетінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы мен бюллетеньнің атауы көрсетіледі. Екінші бетінде 2026 жылғы 23 шілдеде өткізілген жеребе бойынша айқындалған тәртіппен саяси партиялардың атауы және "Бәріне қарсымын" деген жол орналастырылады. Бюллетеньдерді офсеттік баспа әдісімен орындалатын полиграфиялық тәсілдер, түсі, баспа қарпі және басқа да элементтер арқылы қорғау жөнінде ұсыныстар әзірленді", – деді ол.
Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Михаил Бортник 2026 жылғы 3 тамызда ОСК отырысында Құрылтай депутаттарын сайлауға арналған дауыс беру бюллетенінің қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі., сурет - Zakon.kz жаңалық 03.08.2026 13:35

Сурет: видеодан скриншот

Оның айтуынша, сайлаушылар тізіміне 12 605 788 азамат енгізілген. Осыған байланысты заңда көзделген 1 пайыздық қорды ескере отырып, дауыс беруге арналған 12 731 847 бюллетень дайындалады.

Сайлау бюллетеньдері учаскелік сайлау комиссияларына дауыс беру күнінен үш күн бұрын басталып, бір күн қалғанға дейін жеткізіледі.

Бұған дейін Қазақстан бойынша учаскелік сайлау комиссиялары жұмысын бастағаны хабарланған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: