Алматыда ер адам өз енесіне жыныстық сипаттағы зорлық жасады деп айыпталды

Насилие над детьми, насилие над несовершеннолетними, физическое насилие , сурет - Zakon.kz жаңалық 21.08.2026 12:48 Фото: freepik
Алматыда 65 жастағы әйелге зорлық-зомбылық жасалу дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы құқық қорғаушының Алматы прокурорына жолдаған үндеуінен белгілі болды.

"17 тамызда жәбірленушінің туған күйеу баласы күндіз енесімен шай ішуге келген. Алайда 1961 жылы туған әйелдің дәрменсіз күйін пайдаланып, оған жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған. Сол күні полицияға арыз берілді. Бірақ Алматы полициясы сараптамадан өтуге арналған қаулыны дұрыс толтырмаған. Егде жастағы әйел сот-медициналық сараптамадан өту үшін жіберілген мәйітханада қаулының дұрыс рәсімделмегенін айтып, оны қабылдамаған. Үш күн өтті, әйел әлі күнге дейін сараптамадан өткен жоқ. Алматы қаласының прокурорынан шұғыл араласуды талап етеміз!" – делінген жарияланымда.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл дерек бойынша Әуезов аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғағанын мәлімдеді.

"Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның әрекетіне қағидатты әрі объективті құқықтық баға беріледі. Кінәсі дәлелденген жағдайда ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жазаланады", – делінген хабарламада.

Бұған дейін Жамбыл облысында сегіз жастағы туысын зорлаған ер адамның өмір бойына бас бостандығынан айырылғаны хабарланған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: