Астанада нөсер жаңбыр салдарынан Тұран даңғылындағы жол учаскесі уақытша жабылды

Сурет: Zakon.kz
Коллектормен байланысты жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты Тұран даңғылының Керей, Жәнібек хандар көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі учаскесі 26 мамыр күні автокөлік қозғалысы үшін уақытша жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елорда қалалық әкімдігінің хабарлауынша, жергілікті жерде коммуналдық қызметтер жұмыс істейді.

"Тұран даңғылындағы бұл коллектор жаңбыр суы мен кәріз қалдықтарын жинайды. Нөсерлі кәріз коллекторлары толық қуатта жұмыс істейді", делінген әкімдік хабарламасында.


Сурет: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ,коллектордың жұмысы жеке құрылыс салушылар мен бірқатар үйдің заңсыз қосылуына байланысты шамадан тыс жүктеледі, оның ішінде тұрмыстық заттар, құрылыс материалдары және т.б. кәрізге тастайтындар жоқ емес.

"Қазіргі уақытта Тұран даңғылында тағы бір магистральдық кәріз коллекторының құрылысы жүргізілуде. Оның ұзындығы – 8 км, бұл - қолданыстағы коллектордың ұзындығынан үлкен. Магистральдық кәріз коллекторының толық аяқталуы осы жылдың күзіне жоспарланып отыр. Осы жылдың маусым айының соңында нөсер кәріз жүйесін өткізетін кәріз коллекторының 1-ші кезегін іске қосу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта қосымша сорғыларды орнату және іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Бұл коллектордың құрылысы мен іске қосылуы сол жағалаудағы басқа коллекторлардың жұмысын жеңілдетеді".

Айта кетсек, 25 мамырда Астанада нөсер жаңбыр жауып, күн күрт суытты.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін