Жамбыл облысында ішінде мектеп түлегі де болған көлік жол апатына ұшырады

Жол апаты, Жамбыл облысы, мектеп түлегі Сурет: Facebook/Жуалы ауданы әкімдігі
25 мамырда Жамбыл облысында жол апаты орын алып, оқиға орнында 21 жастағы жүргізуші қаза тапты, сондай-ақ тағы үш адам, оның ішінде мектеп түлегі зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол апатының суреті әлеуметтік желіде тарады. Суреттен аударылған көліктен мектеп түлегінің лентасы шығып жатқанын байқауға болады. Аталған оқиғаға қатысты Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігі ресми түсінік берді.

"2024 жылы 25 мамырда Жаңаталап ауылынан Ақтоған ауылына қарай бағыт алған "Тойота Камри" маркалы автокөлігінің 21 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік жол жиегіне аударылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 21 жастағы азаматша оқиға орнында қаза тапты. Оның жолаушылары – 20, 17 жастағы тұлғалар және 11-сыныпты бітіруші түлек ауруханаға жеткізілді. Олардың жағдайлары тұрақты, бақылауда". Жуалы аудандық әкімдігі

Сондай-ақ аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, қажетті сараптамалар тағайындалғаны да нақтыланады.

Айта кетсек, желіде тараған бұл сурет астында бір топ мектеп түлектері мінген көлік аударылғаны туралы жаңсақ пікір айтылған. Алайда, оның ішінде тек бір мектеп түлегі болғаны, оның қазір ауруханада, жағдайы тұрақты екені белгілі болып отыр.


Сурет: Facebook/Жуалы аудандық әкімдігі


Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы мемлекеттік сатып алудың жаңа ережелері: нені білу маңызды

Google, Apple, Netflix: Шетелдік интернет компаниялар бір жылда елімізге 35 млрд теңге салық төледі

"Қар, көктайғақ, тұман". Сейсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Лудомания – қоғамды жайлаған қауіпті індет

Елімізде баспана бағасы 4 пайызға қымбаттады