Полицейлер Қонаевтағы казино клиентіне күш қолдануға мәжбүр болды

Сурет: : pexels
Қонаев тұрғыны полицейлерге қарсылық көрсеткені үшін 7 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 23 мамырда патрульдік полицейлер Қонаев қаласында орналасқан ойын-сауық мекемелерінің бірінде мас күйде жүрген ер адам туралы хабарлама бойынша оқиға орнына барған.

"Келген кезде, азамат айналасындағыларға агрессивті болып қана қоймай, полиция қызметкерлерін балағаттаған.Жағдайды бағалай отырып, полицейлер мас бұзақыны ұстады",- делінген ведомство хабарламасында.

Ер адам полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбағаны және бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылды. Сот шешімімен құқық бұзушы 7 тәулікке қамауға алынды.

Еске сала кетейік, 4 мамырда 21 жастағы жас жігіт Алматыда есірткіге мас күйде BMW автокөлігін ұрлап, Қонаевқа қашып кеткен.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Астанада AMANAT партиясының съезі өтіп жатыр – делегаттар "Әділет" партиясына қосылуды қолдады