Қарағанды әкімі жол жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігерді сынға алды

Сурет: Zakon.kz
Қарағанды әкімі Мейрам Кожухов қалада жөнделіп жатқан жол учаскелерінің біріне барып, мердігердің жұмыс жылдамдығын сынға алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бейнеде қала басшысы жолды жөндеуді тездетуді және қажет болған жағдайда түнге дейін жұмыс істеуді талап етеді.

"Кейде ұрысуға тура келеді. Жұмыстың баяу, ретсіз жүргізіліп жатқаны, өткізу мерзімін ұзартуы, тағысын тағы менің қатты ашуыма тиеді. Четская көшесіндегі автожолдың жөндеу жұмыстарын көріп қайттым. Менің реакциямды бейнеден көруге болады", - деп жазды ол.

Бұдан әрі ол тұрғындарға Федоров өткелінің басынан бастап Волочаевская көшесіндегі айналма жолға дейін 4,5 км жол жөндеу жұмыстарын қажет ететіндігін айтты.

Жазбадағы пікірлер легі екі жаққа жарылды. Кейбірі әкімді мақтаса, енді бірі мұндай сапарларды шоу деп санайды.

Қарағанды
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды