Әкімдіктің бухгалтері өзі қалаған айлықты есептеп, алып отырған

Сурет: pexels
БҚО әкімдігінің есепшісі өзі қалаған жалақы мөлшерін есептеп, осылайша 7 млн бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Заңсыз әрекетті Казталов ауданының прокуратурасы Батыс Қазақстан облысы Көктерек ауылдық округі әкімдігіне қатысты әшкереледі.

"Штаттық кесте мен банк шоттарын салыстыру кезінде әкімдік бухгалтерінің тиісті және нақты төленген жалақысында айырмашылық анықталып, соңғысы 3 жыл бойы өзіне артық соманы аударғаны белгілі болды",- делінген ведомство хабарламасында.

Тергеу барысында есепші өз кінәсін мойындап, келтірілген шығынды толық өтеген.

Сот үкімімен кінәлі адам белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойынынан айрылып, 3 жылға түрмеге тоғытылады.

Сотталушының жас баласын ескере отырып, жаза мерзімі 2 жылға, яғни баласы 14 жасқа толғанға дейін шегерілді.

Сот актісі заңды күшіне енді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жалпыға бірдей декларация: 2025 жылы декларацияны кім тапсырады

Алаяқтар қазақстандықтарды қалай алдайды – ең көп таралған айла-тәсілдер аталды

Қазақстанда гуманоид роботтар өндірісі бір жолға қойылады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Эфирде боғауыз сөз бен әдепсіз ән айтқан екі блогер жазаланды