Бишімбаевтың адвокатына төнген қауіп-қатерге байланысты қылмыстық іс қозғалды

Сурет: Жоғарғы Сот баспасөз қызметі
Полиция бұрынғы Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевты сотта қорғаған, адвокат Ерлан Ғазымжановқа көрсетілген қоқан-лоқыға байланысты тергеуді бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ деректеріне сай, Астана қаласы Сарыарқа ауданының полиция басқармасы белгісіз тұлғалардың қорқытуы бойынша Қылмыстық кодекстің 409-бабының 2-бөлігі (Сот төрелігін жүзеге асыруға немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруге байланысты қорқыту немесе күш қолдану әрекеттері) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

"Қазір істің барлық мән-жайын толық және жан-жақты зерделеуді қамтамасыз етуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады",- делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Еске сала кетейік, осыған ұқсас жайт сотты жүргізген судья Айжан Құлбаевамен де орын алған.

2024 жылы 13 мамырда азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтірді деп айыпталушы бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев 24 жылға бас бостандығынан айрылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты