Бишімбаевтың қорғаушылары төрт апелляциялық шағым түсірмек

Сурет: Жоғарғы Сот баспасөз қызметі
Қуандық Бишімбаевтың адвокаттары оның үкіміне қатысты төрт апелляциялық шағым түсірмек, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК-ның 28 мамырдағы ақпаратынша, үш адвокаттың ішінде алғаш шағым түсірген Ерлан Ғазымжанов болды. Ол үкімнің "Кісі өлтіру" бабына қатысты тұсын "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан денсаулыққа ауыр зиян келтіру" бабына ауыстыруды сұрап отыр. Ал үкімнің "Қорлау" бабына қатысты бөлігін мүлде алып тастау керек деген пікірде.

"Ертең екі әріптесім мен Бишімбаевтың өзі де изолятордан апелляциялық шағымын жібереді" - дейді адвокат.

29 мамырда тергеу изоляторынан Бишімбаевтың өзі апелляциялық шағым жібереді деп жоспарлануда. 

"Апелляциялық шағымда сот талқысы кезінде судья жол берген 20-ға жуық процессуалдық заң бұзушылықты көрсеттік. Бұл, біздің ойымызша, алқабилер шешімі мен үкімнің заңсыздығына себеп болды. Бүгін тергеу изоляторында болдым, қорғауымдағы азамат Қуандық Бишімбаевқа өтініш мәтінін көрсеттім, ол келісіп отыр. Ертең ол да өз шағымын жібермек".Ерлан Ғазымжанов

Еске салсақ, бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев жұбайы Салтанат Нүкенованы асқан қатыгездікпен өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, 24 жылға сотталған болатын. Бишімбаевпен бірге сол қанды қылмысты жасырып, 4 жылға сотталған інісі Бақытжан Байжанов та күні кеше үкіммен келіспей, апелляциялық шағым түсірген.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты