Алматыда курьердің қатысуымен қанды төбелес орын алды

Сурет: pexels
Алматыда бір топ адамның қанды төбелесі бейнеге түрсірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кадрларда төбелеске қатысқандардың бірінің беті қан–жоса болғаны анық көрінген. Асфальтқа да біраз қан шашыраған. Сондай-ақ, шетте тағы да бір топ жігіттер төбелесіп жатыр.

Әлеуметтік желілердегі мәлімет бойынша, мопед шетелдік көліктің бамперін сызып тастағандықтан жанжал басталды. Жүргізушілер арасындағы ауызша жанжал төбелеске ұласып, оның барысында автокөлік жүргізушісінің басына арматура тиген.

Полиция болған оқиғаны тергеп жатыр.

"Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілерді ұстау бойынша жедел-іздестіру шараларының кешені қабылдануда", – деп түсіндірді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ал, Ақтөбеде 18 - 22 жастағы жастар мал базары маңындағы жанармай бекеті жанында жаппай төбелескен. Төбелес барысында оқ атылып, пышақ жарақаттары салынған. Нәтижесінде, бір адам қаза тауып, 8 жігіт жарақаттанды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда қант диабетімен күрес күні қарсаңында көзді тегін тексеру шаралары ұйымдастырылды

"Күн қайта жылынады". Алматы бойынша 14-20 қараша аралығына арналған ауа райы болжамы

"Қар жауып, көктайғақ болады". Жексенбіде еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Қарағанды облысында көктайғақ кезінде жол үстінде дрифт жасаған үш жүргізуші жауапқа тартылды

"Аукционға шыққан көліктер". Көкшетау тұрғыны таныстарының 41 млн теңгесін иеленіп, із-түссіз кеткен