Алматыда алаяқтар пәтер уәде етіп, 150 адамды алдаған

Сурет: Zakon.kz
Сотталушы салынып жатқан екі тұрғын үй кешенінен 150 адамға пәтерлер уәде етіп, алдаған. Келтірілген шығын мөлшері 3,5 млрд теңге, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында аса ірі мөлшердегі алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қаралды.

Сотталушылардың саны 7, оларға ҚК-тің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша айып тағылған.

Сотталушы К., ЖШС директоры бола тұра, салынып жатқан екі тұрғын үй кешенінде тұрғын үйге сатып алушыларды тарту мақсатында алты сыбайласымен қылмыстық келісімге келген. Алайда, құрылыс салушының үлескерлерден ақша тартуға рұқсаты болмағандықтан, оларға пәтерлерді сату мүмкіндігі анықталмаған.

Сотталушы жұбайлар К. және Ж. түскен ақшалай қаражатқа Алматы қаласында жер телімін сатып алып, тұрғын үй кешенін салу сылтауымен үлескерлерді тартқан, дегенмен, бастапқыда бұл тұрғын үй кешенін салу олардың жоспарларына кірмеген.

Сотта сотталушылар алаяқтық жасаған кінәсін мойындамады. Олар пәтерлерді салғысы келгенін айтып алға тартты.

Сот, сотталушылар К., Ж., М., Р., Ш., Е., Н. ҚК-нің 2-тармағының 190-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп тауып, оларға 5 жылдан 6 жыл 8 айға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындады және жәбірленушінің азаматтық талабын қанағаттандырды.

Сотталушылар залалды толығымен өтеді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Қазақстанда МӘМС жүйесіндегі миллиардтаған теңгенің алаяқтық схемалары әшкереленді

МӘМС реформасының жиынтық экономикалық әсері жүздеген миллиард теңгені құрайды

Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу және сақтандырылған тұлғаларды есепке алу қағидалары жаңартылды