Экология Министрлігінің жоғары лауазымды қызметкері жемқорлық әрекеттері үшін сотталды

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің басшы қызметкерлерінің бірі мен оның қарамағындағыларды пара алғаны үшін айыптады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана сотының мәліметінше, балық шаруашылығы комитетінің төрағасы мен балық ресурстары және балық шаруашылығын реттеу басқармасының басшысы пара алды деп айыпталды.

Сотталушыларға екі эпизод бойынша айып тағылды.

Сот отырысы барысында сотталушылар кінәсін мойындап, жасаған істеріне өкініш білдірді.

Аталған баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның 60 еселенгеннен 70 еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салу не 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Шын жүректен өкіну, құқық бұзушылықты ашуға жәрдемдесуін және жас балаларының болуы сияқты қылмыстық жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жайлардың болуына қарамастан, Комитет төрағасы мен басқарма басшысы мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік секторда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 6 жылға сотталды.

Сондай-ақ, ҚР Президентіне Комитет төрағасын мемлекеттік наградадан айыру туралы ұсыныс енгізілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: