Павлодарда ойын алаңында ер бала темірге қысылып, ауада қалықтап қалды

Сурет: pixabay
Павлодарда балалар ойын алаңындағы металл сақинаға басымен кірген бала ортаң белге келгенде ары қарай шыға алмай қалған. Көмекке төтеншеліктер келіп жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық ТЖД мәліметінше, 3 маусымда сағат 16:58-де Павлодар қаласы, Максим Горький көшесінде орналасқан балалар ойын алаңындағы металл сақинаға басымен кірген бала ортаң белге келгенде ары қарай шыға алмай қалғаны туралы төтеншеліктерге хабар келіп түсті.


"Оқыс оқиға туралы тұрғындар хабарлады. Олар алдымен баланы өз күштерімен алып шығуға тырысқан. Оқиға орнына бес құтқарушы жедел жетті. Сақина гидравликалық құралмен тістеп кеңейтіп, баланы құтқарды. Ол зардап шеккен жоқ". Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі


Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Мысыр Президентіне көңіл айтты

Жамбыл облысында прокурорлар қайталама қылмыстың алдын алу бойынша форум өткізді

Қыс қаһарына мінеді: елдің 17 облысында дауылды ескерту жарияланды

Порнографиялық видеоға байланысты жасөспірімдердің ата-аналары жауапқа тартылды

Дауылды жел соғып, қалың қар жауады: 28 қарашаға арналған ауа райы болжамы