Таиландтан келген "ерекше сәлемдеме" алушы Алматыда қамауға алынды

Сурет: pixabay
Алматыда гашиш майын контрабандалық жолмен әкелді деген күдікті ұсталды. Мәселенің мән-жайы туралы Бас көлік прокуратурасы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның 6 маусымдағы мәліметі бойынша, "Жетісу" кеден бекетінде Таиландтан белгілі бір иісі бар сұйықтық бар пошта сәлемдемесі табылды.

"Сарапшының қорытындысына сәйкес, сәлемдеме ішіндегі зат салмағы 29,25 грамм каннабис сығындысы (гашиш майы) – есірткі заты болып шықты және ол ірі мөлшер болып саналады".Бас көлік прокуратурасы

Бұл сәлемдемені алғаннан кейін алушы ұсталып, сот оны екі ай мерзімге қамауға алуға санкция берді.

"Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу басқармасы жүргізеді",- делінген ақпаратта.

3 маусымда СІМ есірткі тасымалдаймын деп ұсталған Қазақстан азаматтарына қатысты тың мәлімет ұсынды.

Қарағанды
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандағы ең үлкен 5 көл туралы білеміз бе

Қазақстанда МӘМС жүйесіндегі миллиардтаған теңгенің алаяқтық схемалары әшкереленді

Салықтық шығындар туралы талдамалық есеп қалыптастыру қағидалары бекітілді