"Семей орманы" табиғи резерваты аумағындағы өртке түрткі тракторшы жазаланды

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
"Семей орманы" МОТР РММ Жаңа Шүлбі филиалының орталық орманшылығы аумағында өрт болды. Өрттің тұтануына себепкер анықталып, оған айыппұл салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Абай облысының Өртке қарсы қызметіне "Семей орманы" МОТР РММ Жаңа Шүлбі филиалының Орталық орманшылығы аумағында орман жамылғысы аймағының жануы орын алғаны туралы хабарлама келіп түскен. 

"Оқиға орнына өңірдегі ТЖД күштері мен құралдары және "Семей Орманы" МОТР қызметкерлері келгеннен кейін жалпы ауданы 0,03 гектар құрғақ шөптің өртенгені анықталды". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Іздестіру іс-шаралары барысында кінәлі адам анықталды.

Трактор иесі Боровлянка ауылының тұрғыны ҚР ӘҚБтК 367-бабы 3-бөлігі бойынша 184 600 теңге сомасына айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Жезқазғанда өрт кезінде төрт адам арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен құтқарылды

Алматыда жүргізушілерді наразылық акциясына шығуға үндеген ер адам 15 тәулікке қамалды

Биыл Абай атындағы мемлекеттік сыйлық ешкімге бұйырмайтын болды