Алматы таулары жолында топырақ тиеген КАМАЗ жарға құлады

Сурет: Zakon.kz
Медеу ауданының таулы аумағында топырақ тиеген КАМАЗ жолдан шығып кетіп, жарға құлады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Топырақ тиеген КАМАЗ 8 маусымда, сенбіде таудан түсіп келе жатқан жолда апатқа ұшырады. 

Әзірге белгісіз жағдайларға байланысты, тауда түсіп келе жатқан көп тонналы көлік жарға қарай құлап, одан әрі домалап бетон қоршауларға соқтығысқан. Аударылу кезінде топырақ толығымен шашылып қалған.

Сурет: Zakon.kz

Одан әрі өз инерциясымен аударылған КАМАЗ жолындағы қуатты электр бағанын қиратып, тереңдігі шамамен 20 метр болатын жарға құлады. Жардың төменгі жағында өзен ағып жатыр.

КАМАЗ кабинасы деформацияға ұшырап, мыжылып қалған.

Сурет: Zakon.kz

Бақытқа орай, осындай апаттан кейін жүргізуші дін аман.

Оқиға орнына келген дәрігерлер бригадасы зардап шеккен адамның аяғының көгергенін, сынықтарын тіркеді. Ол жақын маңдағы емдеу мекемесіне жеткізілді.

Сурет: Zakon.kz

Оқиға орнында жол полициясының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр, олар оқиғаның мән-жайын анықтайтын болады.

Сурет: Zakon.kz

Сондай-ақ, электр желілерін қалпына келтіру үшін мамандар оқиға орнына шұғыл жетті.

Кейінірек сым желілерінің үзілмегені белгілі болды, тек баған құлаған. Бірақ бағандағы шам мен оған қосылған Интернет байланыс сымы үзілген болып шықты. Қазір мамандар оқиғаның барлық салдарын қалпына келтіріп, залал көлемін бағалауда.


Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін