Еліміздің төрт облысында өрт сөндірілді: балалар құтқарылды

Сурет: Zakon.kz
Еліміздің төрт облысында өрт сөндірушілер жалынды жойды. Оқиғалардың бірінде үш бала құтқарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ мәліметінше, Ақтау қаласының көппәтерлі тұрғын үйлерінің бірінде 1 ш.м. алаңда тұрмыстық заттардың жануы орын алды. Өрт сөндіру бөлімдері келгенге дейін жергілікті тұрғындар өз күшімен өртті сөндірді. ТЖД күшімен 3 бала өрттен құтқарылды. 1 бала жану өнімдерімен уланып, ауруханаға жатқызылды.

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Ал, СҚО-да шөптің жануы жойылды. М.Жұмабаев ауданының Возвышенка ауылында трактор арбасында шөптің жануы орын алды. Өрт сөндірушілер өртті 30 шаршы метр аумақта сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.

"ТЖМ жем-шөпті дайындау және сақтау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін еске салады", делінген ведомство хабарламасында.

Жамбыл облысындағы өртке келетін болсақ, оттан 3 газ баллонын алып шықты. Тараз қаласының жеке тұрғын үйлерінің бірінің аумағында жиһаз цехына айналдырылған қорада өрт болды. Өрттен құтқарушылар 3 тұрмыстық газ баллонын қауіпсіз жерге шығарды. ТЖМ күштерімен шақырту түскен сәттен бастап 29 минут ішінде жану 20 ш.м. алаңда жойылды.

Ведомство Алматы облысында кафе отқа оранғанын да жеткізді. Еңбекшіқазақ ауданы Бәйтерек ауылы кафелердің бірінде бөлек тұрған ас бөлмесінің жануы болды. ТЖМ күштерімен өрт шақыру түскен сәттен бастап 40 минут ішінде 165 ш.м. алаңда жойылды.

Аталмыш төрт оқиға бойынша да зардап шеккендер жоқ. Себептері анықталуда.

Алматы облысы
Тараз
Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді