Астанадағы өрт: Элиталы ғимараттан адамдар эвакуацияланып жатыр

Сурет: ҚР ТЖМ
22 маусымда сағат 15:09-да Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері шақырудың жоғары рангы бойынша Тұран көшесі, 37/9 үй мекенжайына аттанғаны белгілі. Төтеншеліктер қазіргі уақытта аталған тұрғын үй кешенінің сыртқы жабыны өртеніп жатқанын нақтылайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің нақтылауынша, ғимараттың сыртқы қаптамасы өртенген.

"ІІІ-ші дәрежедегі шақырту бойынша аттанған өрт сөндірушілер қазір оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Өртті сөндіруге 16 бірлік техника және 72 адам жұмылдырылған. Ғимарат ішінде пәтерлер ғана емес, сонымен қатар әкімшілік нысандар да орналасқан. Оқиға орнында штаб құрылды. Эвакуациялау шарасы жүргізіліп жатыр. ТЖМ құтқарушылары 8 адамды, оның ішінде бір баланы эвакуациялады". ҚР ТЖМ

Зардап шеккендер туралы құзырлы органдарға мәлімет түспеген.


Айта кетсек, бұған дейін төтеншеліктер елордадағы Rixos Khan Shatyr Residences элиталы көпқабатты тұрғын үйден шыққан өртті сөндіруге жұмылдырылғаны, ғимаратта қалып кеткен адамдардың бар-жоғын тексеріп жатқаны хабарланған.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі