Астанадағы өрт: ТЖМ тұрғын үй кешенінде оттың таралу қаупі жойылғанын мәлімдеді

Сурет: Zakon.kz
Төтенше жағдайлар министрлігі 22 маусымда Астанадағы "Хан Шатыр" сауда ойын-сауық орталығы жанындағы элиталы көпқабатты тұрғын үй кешенінде өрттің таралу қаупі жойылғанын нақтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, өрт шалған аумақтың алдын ала ауданы 180 шаршы метрді құрайды.

"Өрттің таралу қаупі жойылды. Қызыл жалын шарпыған аумақтың алдын-ала ауданы 180 шаршы метрді құрайды. Өртті жоюға жеке құрамнан 87 адам және 19 бірлік техника жұмылдырылды", делінген хабарламада.

Сондай-ақ ТЖМ бөліскен видеода алдында будақтаған түтіннің тарс тыйылғаны байқалады.

ТЖМ аталған тұрғын үй кешенінен эвакуацияланған сегіз адамның тек біреуі медициналық көмекке жүгінгенін нақтылады.

Айта кетсек, 22 маусымда сағат 15:09-да Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері шақырудың жоғары рангы бойынша Тұран көшесі, 37/9 үй мекенжайына аттанды. Өрт сөндірушілер тұрғын үй кешенінің 26 қабатындағы пәтердің сыртқы жабыны жанып жатқанын анықтады. Төтеншеліктер тұрғын үй кешенінен сегіз адамды, оның ішінде бір баланы эвакуациялады.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қазақстанның оңтүстігінде оқушыны аяусыз соққыға жыққан

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды