БҚО-да жантүршігерлік жол апаты салдарынан төрт адам қаза тапты

Сурет: pixabay
Батыс Қазақстан облысындағы тас жолда екі жеңіл көлік соқтығысты. Апат салдарынан төрт адам қаза тауып, тағы екеуі зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Мой город" порталы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасай отырып, жантүршігерлік жол апаты 22 маусымда таңертең Қаратөбе ауданы Қоскөл ауылының маңындағы Самара – Шымкент тас жолында болғанын нақтылайды.

"Лада Приораның" 43 жастағы жүргізушісі қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, "Мазда" шетелдік көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Апат салдарынан екі жүргізуші де, екі жолаушы да оқиға орнында жан тапсырды. Тағы екі жолаушы ауыр жарақаттар алды", делінген хабарламада.

Жол апаты фактісіне сәйкес ҚР ҚК-нің 345-бабы, яғни "Көлік құралын басқаратын адамның жол жүру ережелерін бұзуы, абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеліп соқтыру" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары қолға алынды.

Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз