Астананың алиментші борышкерлері өз шоттарында 300 млн теңгеден астам ақша жасырған

Сурет: freepik
Астана қаласының прокуратурасы өз кірістерін электрондық төлем құралдарында жасырған алимент бойынша борышкерлерді анықтады. Сома 300 млн теңгеден асты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Прокуратура бірнеше мысал келтірді. Мәселен, 5 млн теңге қарызы бар жосықсыз борышкер екі баласына 5 жыл бойы алимент төлемеген. Сондай-ақ, ол әмиянын 6 млн теңгеге толықтырып, өз қажеттіліктері үшін жаратқан.

Басқа жағдайда, 33 жастағы алимент төлемеуші сот үкімімен алимент төлеуден жалтарғаны үшін 100 сағаттық мәжбүрлі еңбекке тартумен 1 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды.

Жалпы жыл басынан прокурорлық ден қою шараларымен 250 баланың пайдасына 87 млн теңге өндірілді.

"Сот актілерін орындамағаны үшін 98 борышкер әкімшілік, 10 борышкер қылмыстық жауаптылыққа тартылды". Астана қаласының прокуратурасы

Оқи отырыңыз: Блогер Дархан Жолшыбеков алиментті аз төлеу үшін жалақысын 70 мың теңге деп көрсеткен.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі