Екібастұзда төтенше жағдай режимі жариялануы мүмкін

Сурет: Zakon.kz
Екібастұзда 28 маусымда болған ГРЭС-1-дегі апатқа байланысты техногендік деңгейдегі төтенше жағдай режимі енгізілуі мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қалалық комиссиясының кезектен тыс отырысында ЖЭО аумағындағы апатты жағдайға байланысты техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимін жариялау жөнінде қабылданған шешім жобасы "Ашық НҚА" сайтына қоғамдық талқы үшін 1 шілдеге дейін орналастырылды. 

"Energy Solutions Center" ЖШС-де орын алған төтенше жағдайға байланысты Екібастұз қаласында объектілік масштабтағы техногендік төтенше жағдай жариялансын.Төтенше жағдайды жоюға "Energy Solutions Center" ЖШС бас директоры Айдарбек Кыстаубаев басшылық етсін", делінген құжатта.

Айта кетсек, Екібастұздағы ГРЭС-1-де апат 28 маусымда болды. Энергетика министрлігі оқиғаға қатысты тергеуді бастады.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – онлайн-трансляция

Мәні де, мазмұны да айрықша – Президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялады

Қарағандыда жол апатынан 18 жастағы бойжеткен көз жұмды

"Түнде қар, күндіз жаңбыр жауады". Еліміз бойынша 28 қазанға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі