Екі облыс орталығының тұрғындары қала жолдарындағы "жайылма суға" наразы

Қарағанды мен Орал қалаларының тұрғындары қала басшылығын жолдарда төгіліп жатқан суға назар аударуға шақырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олар аймақтағы жолдың суреттері мен бейнелерін Telegram арналарда жариялап, наразылықтарын білдіруде.

Қарағанды тұрғынының айтуынша, биылғы жылдың наурыз айынан бастап Моторн көшесі, 19 мекенжайы бойынша өнеркәсіптік аумақты су басып жатыр. Су басқа өндірістік аймақтарға, теміржол жолдарына және тас жолдарға да тараған. Сыни жағдайдың нәтижесінде машиналар дөңгелегінің жартысына жуығы су астында қалады. Мұндай көлемді судың аяқ асты пайда болуына ол шахталық дренаждың жарылуы мүмкін деп юолжауда.

"Әкімдікке де бардық. Бірақ ешқандай шаралар қабылданбады. Тек бас тарту қағаздарын қолымызға ұстатты", - деп қынжылады қарағандылық.

Оқиғаның салдарынан оның жұмыс істейтін компаниясы күтпеген үлкен шығындарға ұшырап жатыр.

"Біз өзімізге келген вагондарды түсіре алмай алыстағы басқа станцияларға жіберіп жатырмыз. Бізден бөлек жақын маңдағы үш базаны да су алып кеткен",- деді автор.

Ал, Орал тұрғынының айтуынша, Алмалы көшесіндегі тас жолда жер астынан су шығып жатыр. Оның да қала билігіне бірнеше рет жүгінуі нәтиже бермеген. Сондықтан, ол да жер асты құбырының жарылуы туралы өз бетінше болжам жасаған.

Сурет: Telegram/ Орал оnline

"Біз суды үнемдеу туралы жиі айтамыз, алайда іс жүзіндегі нәтиже нөлге тең", – деді Орал қаласының тұрғыны.

10 шілдеде Алматыдағы Каменск үстіртінде жарты сағаттың ішінде жауын-шашынның қалыптан тыс мөлшері жауып, "Есентай молл" сауда орталығындағы жерасты автомобиль туннелі су астында қалды.

Қазақстан Қарағанды Орал
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: